Жуалы ауданында жасөспірімдерге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен жиында құқықбұзушылық, балалардың әлеуметтік жағдайы мен қауіпсіздігіне байланысты нақты деректер жария етілді.