Жамбыл облысында жарты жылда масаң күйде жасалған 200 қылмыс тіркелген. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 236 қылмыстық іс қозғалған. Бұдан бөлек, небәрі алты айда 136 суық қару тәркіленген. Жуалы ауданында жастармен өткен кездесуде полиция департаменті осы сынды мәліметтермен бөлісті.