Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылында ағаштан түйін түйген кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Болат Жараровтың «Қонақбай» атты шеберханасы бүгінде ауылдың он шақты тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуда. Ол кәсібін «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кеңейтіп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алған.