Шаруалардың қазір 5 пайызбен лизингке техникалар алып, тірлігін тіктеуге мүмкіндік мол. Жамбылдық диқандарда жаңбырлатып суаратын техниканың тілін меңгеріп, тонналап өнім алуда. Тіпті, Таразда 35 гектар жерге бұршақтың Мексикалық сұрыпын егіп, Қытайларға тоннасын 1500 доллардан сатуды жоспарлап отыр. Бұл ақпарат бүгін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұйымдастырған баспасөз туры кезінде айтылды. Мамандар мен БАҚ өкілдері өңірдегі шаруа қожалықтарды аралап, жұмысын көрді.