10 шілде – Ветеринария қызметкерлері күніне орай Меркі ауданында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерейлі Меркі жерінде өткен басқосуға облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Ветеринарлар құрмет пен алғысқа бөленіп, ұлттық ойындардан сынға түсті.