Биылғы алты ай ішінде аймақта 905 адамға қатысты 768 қылмыстық іс сотта қаралған. Оның 81,6%-ы бойынша үкім шығарылды. Бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғандар үлесі республикалық көрсеткіштен асып, 43%-ды құраған. Бұл туралы облыстық сот өкілдері ауқымды талдамалық есеп отырысында айтты.