Жаз мезгілінде азаматтық қорғау қызметкерлері судағы қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Осыған орай, Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мамандары мен құтқарушылар Талас өзеніне арнайы барды. Олар демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, қауіптің алдын алу шараларын жүргізді.