Қоғам үшін ұстаз, дәрігер мен өрт сөндіруші сынды мамандардың қандай маңызы болса, еден жуушы мен көше тазалаушының маңыздылығы да дәл сондай. Ауланы тазалау – тек жапырақ пен қоқысты сыпырып қою ғана емес, бұл – тәртіп пен мәдениеттің ең алғашқы баспалдағы. Осылай қоғам тазалығын сақтауға өз үлесін қосып жүрген жандардың бірі – Сарыкемер ауылының тұрғыны Меруерт Артықова.