Шу ауданының таэквондошылары соңғы жылдары жақсы жетістіктерге жетіп, талай байрақты бәсекеден абыроймен оралып жүр. Күні кеше аудан орталығында Шу қалалық таеквондо федерациясының үздік спортшылары марапатқа ие болып, салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісін көрсетті.