Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында басталған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймағында белсенді жалғасуда. Бір қуантарлығы, игі шара аясында тек қала мен ауыл іші емес, елді мекен сыртындағы демалыс орындары мен өзен-көл жағалаулары қоқыстан тазартылып жатыр.