10 шілде – ветеринария қызметкерлерінің күні. Былтырдан бастап аталып өтетін бұл кәсіби мерекеге Жамбылдық сала мамандары да жағымды жаңалықтармен жетіп отыр. Мәселен: материалдық- техникалық жағдайды жақсарту мақсатында облыстың 160 ветеринариялық пункті 50 дана "Нива" автокөлігімен, мал дәрігерлік іс-шараларды жүргізу және емдеу үшін қажетті 160 термоөткізгішпен толық қамтамасыз етілген. Айлық- жалақылары да көбею үстінде. Атаулы күнге орай Қордай ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылында «Жануарлар жанашыры- ардақты маман» атты дөңгелек үстел өтті.