Меркі ауданында “Ауыл Аманаты жоба аясында кәсібін ашып, өз ісін дөңгелетіп отырған ауыл азаматтарының саны күн санап артуда. Бүгінде аудан бойынша 189 жоба ұсынылып, оның 51-і қаржылай қолдауға ие болған. Соның бірі – Аралқыстақ ауылының тұрғыны Әсел Тұлыбекова. Жеңілдетілген 5 миллион теңге несие алып, 40 сотық жерге таңқурай көшеттерін отырғызған. Бұл ауыл үшін – бұрын-соңды болмаған тың қадам.