Жүрегіне жылу ұйлаған қайырымды жан. Бүгінде Байзақ ауданы, Көктал ауылында тұратын қарапайым еңбек адамы Темірлан Божбановты жұрт осылай атайды. Мамандығы тракторшы-машинист. Оның адам өміріне деген жанашырлық қасиеті мен үнемі қайырымды іспен айналысып жүруі өз ортасына ерекше тұлға ретінде қалыптастырды.