Тазалық – денсаулық кепілі. Осы қағиданы ұстанған Шу ауданының тұрғындары Шу өзенінің бойын тазалауға шықты. Іс-шара “Таза Қазақстан” акциясы аясында өтті. Нәтижесінде, су айдынының маңы тазарып, халыққа ыңғайлы жағдай қалыптасты.