Бүгінгі таңда табыс табу үшін қымбат құрал-жабдықтар мен көп қаржының қажеті шамалы. Ең бастысы- еңбекке деген ынтаңыз болса жеткілікті. Осы сөздерге дәлел болған Меркі ауданына қарасты Сұрат ауылының тұрғыны Нұрбол Ноғайбеков. Бала кезінен көлік жөндеуге ерекше қызыққан ол бүгінде шағын ғана үйінің ауласында көлік жөндеумен айналысады. Өз ісінің маманына тұрғындар көліктерін сеніп тапсырады.