Былтыр ғана ашылған Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университеті өзінің алғашқы түлектеріне тұңғыш рет дипломдарын табыстады. ЖОО қабырғасында өткен салтанатты іс-шараға студенттер, оқытушылар және сала өкілдері жиналды. Сондай ақ, ҚР Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров құрметті қонақ болды.