Тарихи қала Тараз шаһарында алдағы уақытта тағы бір ескерткіш бой көтеретін болды. Бұл жолы мәдениет жанашырлары махаббаттың символына айналған, Қарахан бабаның ғашығы Айша бибіге арнап мүсін тұрғызбақ. Ал, оның көлемі мен келбеті қандай болады? Көне Тараз қоры мүсіншілер арасында конкурс ұйымдастырды.