Семей қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын республикалық Абай оқулары жарысында Жамбылдық оқушылар топ жарды. Бұл байқауда облысымыздың намысын қорғаған талантты жастар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі орындарды иеленді. Олар Абай мұрасын терең меңгеріп, ақын шығармаларына талдау жасау арқылы үздік өнер көрсетті.