Таразда креативті индустрияны дамытуға бағытталған «Қолөнершілер үйі» креативті хабының ертең ресми ашылуы өтеді. Айта кетерлігі, Тараз қаласы 2022 жылы Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие болған алғашқы Қазақстандық қала ретінде әлемдік деңгейдегі мойындауға ие болды. Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар тізіміне ену үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.