«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі флористика шеберлерін біріктіріп, шығармашылық диалог пен мәдени мұраны алмасу алаңына айналды. Халықаралық фестиваль аясында Таразда Қырғызстан Республикасынан келген флорист Петр Анохиннің шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараға Тараз қаласының тұрғындары ғана емес, шетелдік туристер де қатысты.