Өңірге инвестиция әкелу– өзектілігін жоймайды, керісінше шетелдік компанияларды тартуда талап күшейеді. Ал әкімдердің жұмысының басым бөлігі осы инвестиция көлемімен бағаланады. Әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев айтты мұны.
Алқалы жиында 2025 жылдың алғашқы тоқсанындағы экономикалық өсім барысы сөз болды, сондай-ақ, кенжелеп қалған кейбір салаларды ілгерілету жайы талқыланды.