Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Онда комиссия төрағасы Амангелді Карентаев жұмыс жоспары бойынша комиссияның атқаратын іс-шараларына тоқталып, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысына қоғамдық мониторинг жүргізу туралы жан-жақты баяндады.