Елімізде псевдо-психологтар көбейді. Құқықтық реттеудің болмауынан «психолог» атауын арнайы білімі де, тиісті дайындығы да жоқ адамдар қолданып жатыр. Бұл - қоғамға пайдасынан гөрі орасан зиянын тигізіп жатыр. Сондақтан, саланы реттейтін психологиялық қызмет туралы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы «AMANAT» партиясының «Әлеумет» диалог алаңында айтылды. Саяси ұйымның хатшысы Шолпан Каринованың айтуынша, заң психолог атануға кімнің құқығы бар және қандай негізде екенін айқындайды.