Шуда орын алған қайғылы оқиғаға қатысы барлардың ешқайсысы жазасыз қалмайды. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен ана мен бала өлімі бойынша өткен кеңес отырысында Шу қалалық ауруханасының бас дәрігерін орнынан босатып, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы мен басқармаға қарасты ана және бала денсаулығы бөлімінің басшысына қатаң сөгіс беру ұсынылды.