«Шежіре-ұлттың тарихи жадысы». Әулиеаталық қариялар осындай тақырыпта оқушылармен кездесу өткізді. М.Әуезов атындағы № 33 орта мектепте шежіре күні қарсаңында өткен іс- шарада отбасылық қатынастардың, жеті атаның мәні мен маңызы айтылып, өткеннің өнегесі қамтылды.