Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бүгін Ассамблея өкілдерімен кездесті. Алқалы жиында ел бірлігі, патриоттық тәрбие, Ұлттық құрылтайдағы Президент тапсырмалары және ассамблея жобаларын сапалы жүзеге асыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, тілдерді оқыту орталықтары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша ұсыныстар айтылды.