«Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы кездесу
Бүгін Талас ауданында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, аудан әкімі, құзырлы орган өкілдері және жергілікті тұрғындардың қатысуымен маңызды кездесу өтті. Аудандық мәдениет үйінде болған іс-шарада құқықтық тәртіпті нығайту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.