Халықаралық әйелдер мерекесінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Тараздық танымал әйел азаматтарды құттықтады. Олар даңқты спортшы Зүлфия Габидуллина мен білім саласының майталманы Райкүл Омарова. Нәзік жандылардың шаңырағында болған Серік Жақсылықұлы облыс әкімінің құттықтау хатын тапсырды.