Жамбылдық театр актерлеры шетелдік танымал режиссерларды шақыртып, шеберліктерін шыңдауды бастады. Басты мақста - репертуарларды тың туындылармен толықтыру және қоғамдағы өзекті мәселелерді сахна тілінде сөйлету. Алғашқылардың бірі болып, Таразға Ташкенттен талантты режиссер Сайфиддин Мелиев келді.