Тараз қаласы аумағында «Көктем-2025» республикалық оқу-жаттығу өтті. Апат айтып келмейді. Бір айдан кейін, күн жылынып, қар ери бастайды. Бұл кезеңге төтеншеліктер аса сақтықпен қарайды. Сол үшін қазірден бастап дайындыққа кіріскен. Бүгін құтқарушылар табиғи апатқа қарсы күреске дайындықтарын пысықтады.