Негізгі Жаңалықтар Жеке өмірге заңсыз қол сұққандар заң алдында жауап береді

Жеке өмірге заңсыз қол сұққандар заң алдында жауап береді

Енді сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, еліміздің қылмыстық кодексіне «сталкинг» ұғымын енгізу талқыланып жатыр. Яғни, өзгелерді аңдып, мазасын алғандар заң алдында жауап береді. Депутаттың айтуынша, бірінші мәрте заң бұзғандарға айыппұл салынады. Егер әрекет қайталанса, жаза қатаңдатылмақ. Сталкингке ұшараған адам полицияға арыз беруі қажет. Жаңа норма осы құқық бұзушылыққа қатысты нақты жауапкершілікті бекітеді.

Бөлісу