Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры жаңа маусымында өз көрермендеріне көп тарту жасамақ. Айтулы шетелдік режиссерлармен шығармашылық шыңдалуды көздеп отырған өнер ордасы биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын да атап өтеді. Одан бөлек, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар Тоқпановтың 110 жылдығы тойлайды. Өткен жылы 207 қойылым сахналаған ұжымның жоспарында театр фестивальін өткізу де бар.