Бүгін Жамбыл облысының орталығы бір кезедгі Жамбыл қаласына тарихи атауы қайтарылған күн. 28 жыл бұрын Жамбыл қаласы – Тараз аталған болатын.

Бейбіт елде көрік болған, дәулеті тірлігіне тірек болған Тараз шаһары –қазақ елінің тарихи бойтұмары іспеттес. Өйткені, бұл қала - мыңжылдықтарды еңсеріп, түрлі дәуірді басынан өткерсе де құндылығы топырақ астында қалмай, тарих қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен - көне шаһар. Ал, 21 – ғасырда Тараздың дамуы жаңаша сипат алып отыр.