Қай кезде болмасын, ағайын-туыс пен ауыл жұртының көмекке зәру адамға мейірбандық танытып, қолындағы барымен бөлісуі – қазақ халқына тән дүние. Осындай асыл қасиетті ту еткен Кенен ауылының тұрғындары зағип анаға асарлатып үй салып берді. Айналасы сегіз айдың төңірегінде ауылдастарына су жаңа баспана тұрғызған жомарт жандарға Сайлаукүл ананың алғысы шексіз. Ата дәстүрді жаңғыртып, қамкөңіл жанға қол ұшын созған жұртшылықтың бұдан басқа да сауапты істері көп.