Қаржылық мониторинг агенттігі Еуразиялық Ұлттық университетімен бірлесе отырып, студенттермен қаржылық пирамидалар, дроп схемалар және лудомания сияқты мәселелерді талқылады. Агенттік қызметкерлері әрбір тақырып бойынша шынайы болған жағдайларды айтып, азаматтар арасында кездесетін қауіптерден және жинаған қаражаттарын жоғалтудан қалай сақтану керектігін түсіндірді. Жиынға мыңға жуық студент қатысып, пікір алмасты. Айта кетейік, бұл эстафета Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғаспақ.