Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға көтерді. Бұған Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өсуі себеп болған. Ал инфляцияға «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы және теңгенің әлсіреуі әсер еткен. Алдағы бір жылда инфляция деңгейі 12,5% болады деп болжанады.