Отбасылық шағын кәсіп – берекелі нәсіп. Қордай ауылының тұрғындары Сәрсен Ермеков пен Эльмира Ибрайқұлова жиһаз ісімен 18 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде олардың жиһаз цехында жай ғана орындықтан бастап, жатын бөлме гарнитурына дейін жұмсақ жиһаз бен корпустық жиһаздың кез-келген түрін жасап шығарады.