«Біздің еліміз балалардың өмір сүруі үшін жайлы мемлекетке айналуы тиіс. Барлық игі жақсыны өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасаймыз». Жамбылдық ұстаздармен жүздесіп, дарынды оқушылармен кездескен оқу –ағарту министрі осылай деді.
Ғани Бейсембаев Тараздағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысып, оқушылар сарайында жиын өткізді. Онда білім саласында қолға алынып жатқан оңды істермен, жаңашылдықтарды атады.