Негізгі Жаңалықтар Жаңатастағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды

Жаңатастағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Жаңатас қаласында орын алған төтенше жағдай зардаптарын жою бойынша атқарылған жұмыстарды көрді. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, 400 аула, 56 үй мен бір мектептің жертөлесін су басты. Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Бөлісу