Биыл кәсіптік оқытудың 3 айлық курстары өңірде маусым-тамыз айларында жүргізілді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес кәсіптік оқытуға жылдық жоспар 903 адамды құраса, оқуға жолданған жұмыссыз азаматтар саны 800 адамды құрапты. Оның ішінде аудандар бойынша 3 айлық қысқа мерзімді курстан 646 адам өткен. Ал, облыстық қоғамдық кеңесінің мониторингтік тобы Талас ауданында курстан өткен 44 азаматтың жұмыспен қамтылуын зерделеді.