Атом электр станциясы - еліміздің көркеюіне жол ашады. АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Жамбылдық педагогтермен кездесуде осылай деді. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, ендігі 3 жылда дәл осы салаға қатысты «Болашақ» бағдарламасымен гранттар беріледі, уран өнеркәсібі мамандары тағылымдама мен қайта даярлаудан өтеді. Сондықтан, ұстаздар нақты ғылыммен айналысқысы келетін, оқушыларға қазірден қолдау көрсету керек дейді штаб мүшелері.