Көмір мен газ қоры келешекте түгесіледі. Сондықтан елге үздіксіз энергия көзі керек. Біз болашақ ұрпақтың қамын қазірден жасауымыз тиіс. Саланың сырына қанық сақа мамандар осындай пікірде.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұжымымен кездескен белгілі ғалымдар атом электр стансасының артықшылықтары мен экономикаға тигізер пайдасын жан-жақты түсіндірді.