Тарихымыздың темірқазығы саналатын көне Тараз - түркілерге пана, Түркістанға аға болған шаһар. Екі мың жылдық тарихында Тараз алтын тәжді шаһарға айналды.

Ал Жамбыл облысының көне қоныстары «Ұлы Жібек» жолымен байланысты тарих пен мәдениеттің маңызды ескерткіштері болып табылады. Негізгі сауда жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан бұл аймақ Шығыс пен Батыс арасындағы тауар және мәдениет алмасуда маңызды рөл атқарды.