Әскери бөлімдерде орнатылған 50 мыңнан астам бейнекамерадағы жазба қайда? Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев армияда жарақат алып, қаза тапқан сарбаздардың мәселесін көтерді. Осылайша, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады. Оның дерегінше, соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған. Ал "5 айдан бері ес-түссіз жатқан Ербаян Мұхтардың жағдайы қалай", - дейді депутат. Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты екенін еске салды.