Таразда әскерилердің он күндік жиыны басталды. Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасының құрамында әскери дайындықтан өтетін қатардағы офицерлер мен сержанттар бар. Әскерилерді жиынға жіберуге байланысты қорғаныс істері жөніндегі қалалық басқарма ғимаратының алдында салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.