Тараздық тұрғындардың тілегі орындалды. Халық арасындағы «Толчок» аталып кеткен аумақтың электр желілері жаңғыртылды. Жергілікті тұрғындар бұған дейін жарық жиі өшеді, бағаналардың тозығы жеткен деп шағым айтқан еді. Енді аталған аумақтағы су жаңа инфрақұрылым, халық игілігіне қызмет етпек.