Шу ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мәселен, бір ғана Жаңажол ауылдық округінде 254 шаруа қожалық болса, оның тең жартысы мал бағытында. Қазір ауылдықтар жаппай кәсіп ашып, өңірдің дамуына өзіндік үлес қосуда. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы оң нәтижесін көрсетіп отыр.