Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһары көненің көзі, тарихтың өзі. Биыл осынау қасиетті мекендегі Жамбыл облысы үшін ерекше жыл. Киелі құт дарыған өлкенің облыс болып құрылғанына 85 жыл толып оытр.

Ғасырға жуық уақытта әр аймақ өзіндік қалыптасу, даму кезеңдері мен қарыштау сәттерін басынан өткізеді. Жамбыл облысы да бұл жолдан өтіп келеді.