Елімізде ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын таныстыру барысында баяндалды. Қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқандары үшін 50 пайызға төмендемек.