Жыл сайын еліміз қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күнін тойлайды. Бұл дегеніңіз Қазақстанның дамуына күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет деп білеміз.

Бүгін осыған орай «Өнегелі ғұмыр, өрелі еңбек» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне еңбегімен ел құрметіне бөленген адал еңбектің иесі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі, Бекет Момынқұл қатысты.